Ali Studio - Өзім жайлы
- Слушали: 4 205
- Качество: 320 kbps
- Длительность: 8:36
- Размер: 19.7 Mb
- Дата релиза: 08.10.2026
Слушать онлайн
Скачать MP3 (320 kbps)
Текст песни
Өзге емес өзім айтам өз жайымда
Жүрегім жалын атқан сөз дайында
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп,тулатып бір қозғайын да
Аманжол Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын
Біреуге жұртта қалған жасығымын
Біреуге аспандағы асылымын
Шарлаған жолым жатыр жер бетінде
Көрінер көлеңкесі келбетімде
Қай жерде үзіледі қайран сапар
Түйін боп өмірімнің бір шетінде
Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап
Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ
Әлде мен екінші өмір бастармын ба
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап
Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім
Көре алмай көп жеріңді мен кетемін
Арпалыс ала құйын заманалар
Арбасып тұрып алды,мен не етемін
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға
Көп күттім,көп тіледім құмарлана
Қайтейін,жетер емес қысқа өмірім
Алыстан көрінгенмен мұнарлана
Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ
Қараймын елесіңе мен таңырқап
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап
Жүзінде кәрі жердің әжімі көп
Ізімді табарсыңдар әзер іздеп
Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды
Досың да,туысың да біздерміз деп
Ризамын туғаныма адам болып
Өкінбен қаламын деп бір күн солып
Адамзат сапарының мейманымыз
Бір мезет жер бетіне кетер соғып
Екі көз екі жұлдыз маңдайдағы
Көруші ең құбылысты қай қайдағы
Япырмай,сен де бір күн сөнермісің
Қап қара түнек болып маңайдағы
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп
Өкінем ұқсата алмай келемін деп
Күніне жүз ойланып,мың толғанам
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп
Категория → Новые песни 2026
Похожие треки
Рекомендуем к прослушиванию