Ауесбек Құдабаев - Туған жер жи cover remix

  • Слушали: 14
  • Качество: 320 kbps
  • Длительность: 4:27
  • Размер: 10.21 Mb
  • Дата релиза: 12.10.2026
Слушать онлайн
Скачать MP3 (320 kbps)
Текст песни
Бал дәурен бала күнім өткен жер
Әкем онда еңбек етіп төккен тер
Анам болса ас дайындап кір жуып
Киімдері күн нұрымен кепкен жер
Атам талай қырда қойын баққан жер
Киіз басып әжем түндік жапқан жер
Ағам талай атын мініп той тойлап
Жеңгемді әкеп бақыттарын тапқан жер
Әпкем бізге мейрімін төккен жер
Жездем келіп ай бетінен өпкен жер
Туған үйін қимай-қимай қоштасып
Шаңырақтан ұзатылып кеткен жер
Асық ойнап інімізді ерткен жер
Судан шықпай денеміз де бөрткен жер
Қапа болып жылап қалса қарындас
Жұбатып мен көз жасын да сүрткен жер
Қырдың гүлін, қызғалдағын терген жер
Сүйгеніңе ұсынып гүл берген жер
Ата-анаңды, туғаныңды қуантып
Жан жарыңмен жаңа өмір сүрген жер
Атқа мініп аң-құстарын қуған жер
Отын тасып, пішен баулап буған жер
Сағынбастан қалай жүрем мен сені
Топырағыңнан айналайын туған жер.
Категория → Новые песни 2026