Бауыржан Ретбаев - Тойбастар

  • Слушали: 152
  • Качество: 320 kbps
  • Длительность: 3:54
  • Размер: 8.95 Mb
  • Дата релиза: 09.11.2026
Слушать онлайн
Скачать MP3 (320 kbps)
Текст песни
Жиналып халқым құралсаң
Сөйле деп бізге ұйғарсаң
Бұл тойдың көркін айтайын
Той болады дегеннен
Халыққа хабар таратқан
Ат жүйрігін жаратқан
Әшекейлеп жасантып
Отауда тігіп от жаққан
Байрақты тігіп ат шапқан
Жыршысы болса жырлатып
Аламан басын құралтып
Жақсыларға тыңдатқан
Тартысы болса тартысып
Айтысы болса айтысып
Бұ да тәуір болады
Қыз жігітке түн қатқан
Жиналған топтың кұралы
Жыршыдан өнер сұрадың
Сұрағандарың сөз болса
Қалағандарың біз болса
Қандырайын көптің құмарын
Шын шабытымғой келгенде
Ағыным тасты аударған
Мен қайнарлы өзен бұлағың
Той адамның қазынасы
Жұптанып неке қиылған
Хақ бұйрығы деген бар
Құлақ қойсаңдар келіске
Адам Ата жұптанып
Хауа Ананы алғанда
Исраил Макаил
Некесін қиған періште
Айтамын хабар қиырдан
Ешкімнен қорқып тыйылман
Расулы пайғамбар
Хадишаны алғанда
Ақ некесін қисын деп
Жәбірейілге Алла бұйырған
сол себептен неке қиылған
Қыз бала сізге айтайын
Жұрт жинап қызық той еткен
Атымтай Жомарт салған жол
Бақыт пен дәулет қонған жол
Категория → Новые песни 2026